«Нарық талаптарына сай халықаралық стандарттар деңгейіндегі білікті мамандарды дайындау».
Құрметті достар!
Сіздерді ежелгі аспаздық шеберлік мектебінің бірі – Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінің сайтына қош келдіңіздер!
Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжі жоғары білім мен кәсіби шеберлікті мақтан тұтады: сапалы білім, атмосфера, олардың арасындағы үйлесімділік – менің ойымша, қазіргі колледж мүмкін емес.
Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінің құрамы дарынды оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінен тұрады, олар өз ісін шын жүректен жақсы көреді.Зияткерлік және шығармашылық жұмыстың ерекше атмосферасы, шығармашылық шешім іздеуі, арнайы білім беру ортасы; өзара сыйластық, өзара көмек және сөз бостандығын құру, сонымен қатар кәсібилік, туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінің бірегейлігі
Болашақта сіз біздің сайтымыздың тұрақты оқырманы болады деп үміттенеміз.
Сәттілік пен болашаққа деген ізгі тілектер
Жабыкбаев Нурдаулет Жакыпбекович!
Жаңалықтар
05.02.2024 ж. Колледжімізде “Айша” кондитер цехінің директоры Басшыбаев Бахытжанмен бірге “ кондитерлік өндірістегі жаңа технологиялары мен инновациялары” тақырыбында қонақ дәрісі өтті.
Жауапты өндірістік оқыту шебері Канапьянова Б.Ж.
Жеке тұлғаны дамыту және өзін-өзі жетілдіру мұғалімдерінің өзін-өзі анықтауына ықпал ету мақсатында циклдік әдістемелік комиссия төрайымдары Алимджанова Г.С. және Маметаева Г.А. 2024 жылдың 24 қаңтарында «Өзін-өзі тәрбиелеу кәсіби өсу мен педагогикалық шеберлікті дамытуды басқару нысандарының бірі ретінде» тақырыбында семинар өтті.
12 қаңтар күні тәлімгерлер мен жас педагогтар/ өндірістік оқыту шеберлері қатысқан «Кәсіби жетістікке жетудің формуласы» атты педагогикалық шеберліктің кәсіби байқауы өтті. Байқаудың жеңімпаздары:
І орын – өндірістік оқыту шебері Жуматов Айдар Сабитович, педагог-тәлімгер Чулакова Лязат Солташовна;
ІІ орын – өндірістік оқыту шебері Канапьянова Бота Жұмабайқызы, педагог-тәлімгер Кожахметова Галия Дюсенгазиновна;
ІІІ орын – өндірістік оқыту шебері Отенко Олеся Александровна, педагог-тәлімгер Маметаева Гульжан Абильдаевна;
ІІІ орын – ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Тоқтасын Меруерт Сакенқызы, педагог-тәлімгер Исеева Нуржиян Тергеусызовна.
«Жылдың үздік педагог-тәлімгері» номинациясы бойынша оқытушы Исеева Нуржиян Тергеусызовна жеңімпаз болып танылды.
Бүгін біздің Колледжімізде – арнайы
Тәуелсіздік Күніне орай – «Биікке ұмтылсын Ел Тәуелсіздігі»
атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Шараға – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына
қатысқан қахармандарымыз Махатов Азмет Қурмангажиевич, Жалбырова Лязат
Байгунусқызы, Әмірханова Бағизат Ниғметовна қатысты.
Сенсациялық жаңалық!!! Инновациялық жобаларды жүзеге асыру!!!
28 қараша күні барлық қызығушылық танытушы тараптардың ашық диалогының алаңы ретінде Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінде «Бизнес және білім беру 2023» қалалық Форсайт-конференциясы өтті. Бұл жаһандық іс-шараның мақсаты – Алматы қаласы мен Алматы облысында ішкі туризмді дамыту үшін колледж шеңберінде коллаборативтік орта құру. «Бизнес және білім беру 2023» Форсайт-конференциясын өткізуге қолдау көрсеткендер:
˗ Алматы қаласының Білім басқармасы
˗ Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы
˗ Алматы апортын өндірушілер қауымдастығы
˗ АО «Бахус» АҚ компаниясы
˗ «Қазақ бау-бақша шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС
˗ Қазақстандық қант, азық-түлік және өңдеу өнеркәсібі ассоциациясы ЗТБ
˗ «Қазақстан тағам кәсіпорындары одағы» ЗТБ
˗ «Қазақстандық қонақ үйлер мен мейрамханалар қауымдастығы» ЗТБ
˗ AVOCATION біліктілік растау орталығы
˗ «StellaAlpina» компаниясы
˗ Delonghi group компаниясы
˗ Kenwood студиясы
˗ Экобер компаниясы
˗ Колледж түлектері
Туризм және қонақжайлылық индустриясы
колледжі Алматы қаласының жастар саясатын дамытудың Мемлекеттік қорымен бірлесе
отырып, Жастар ресурстық орталығының қолдауымен 22 қараша күні Тамақтандыруды
ұйымдастыру мамандығының Аспаз біліктілігі бойынша «Jastar Skills-2023»
Шағын-чемпионатын өткізді.
Жастар ресурстық
орталығы — бұл барлық адам әртүрлі мәселелер бойынша қажетті кеңес ала алатын жастарға
арналған орталық.
Байқаудың мақсаты:
Жұмысшы кәсіптерді (мамандықтарды) танымал ету
және жастардың назарын жұмысшы мамандықтарға аудару. Кәсіптік білімнің тиімді жүйесін құруға ықпал ету.
Техникалық мамандықтардың беделін
арттыру.
Байқау қорытындысы:
1 орын – Аблизов Расул, 80 ОПП-б;
2 орын – Нзаматдина Арай, 77-ОПП-б;
3 орын – Қарсақбаев Данил, 70 ОПП-б.
Жеңімпаздар дипломдармен, алғыс хаттармен және
құнды сыйлықтармен марапатталды!!!
23-28 қараша күндері – біздің Колледжіміздің «Волонтерлер Клубының» белсенділері – Алматы қаласында ұйымдастырылған
«WorldSkills Almaty 2023» сайысында волонтерлік қызмет атқарды.
Бүгін «Алматы қаласы Білім басқармасы мен Алматы қаласы полиция департаменті бірлескен Жоспарын» орындай аясында – Алматы қаласы полиция департаменті басшысының орынбасары, полиция полковнигі Утебаев Дәурен Омарбекұлымен кездесу ұйымдастырылды.
Бүгін біздің Колледжіміздің еріктілері – Алмалы ауданының ардагерлеріне Аю-Сай аймағына арнайы экскурсия ұйымдастырды! Қарттарымыз аман болсын!
Бүгін Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінде Туризм күніне орай қонақ дәрісі өтті. Қонақ дәрісінің тақырыбы: «Туристік өнімді қалыптастыру». Қонақ дәрісіне 7 travel company туристтік агенттігінің директорлары Еспанова Улпан және Еспанов Нұрлан қатысуымен өтілді.
21.09.2023 жылы Жас педагог мектебінің жұмысы аясында, колледж жас мамандаға «ТжКББ жүйесінде білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарды бөлім меңгерушілері Абишова Айгуль Досымбековна мен Қайырханова Ақмарал Мұратқызы ұйымдастырды.
Баллдық-рейтингтік әріптік жүйе:
– оқытушыға білім алушылардың көп деңгейлі оқу жетістіктерін объективті бағалауға мүмкіндік береді;
– жаңа шешімдер іздеуге қызығушылықты жандандыра отырып және ғылыми-шығармашылық белсенділікті дамыта отырып, білім алушылардың оқу және сабақтан тыс уақытта жүйелі өзіндік іс-әрекетінің қажеттілігін ынталандырады. Семинар жемісті өтті.
WorldSkills Стандарттарын енгізу шеңберінде «Отель ресепшионист» біліктілігі бойынша 19-20 қыркүйек күні 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағында 10130100 «Қонақ үй бизнесі» мамандығының 7 ГБ тобының білім алушыларымен отель қонағына туристік ақпарат беру мен ВИП-тур әзірлеу бойынша тәжірибелік тапсырмалар өткізілді. Нәтижесінде білім алушылар саябақ аумағындағы тарихи орындар, монументтер, мұражайлар туралы ақпараттар берді.
Жыл сайын 5 қыркүйекте атап өтілетін Қазақстан халықтарының тілдері күні аясында колледжіміздің Қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушылары «Тілдер әлемінде» зияткерлік ойынын өткізді. Туризм мамандығы бойынша оқитын студенттер белсенді қатысты. Іс-шара танымды және қызықты өтті.
Сіздерді Қазақстан халықтарының тілдері мерекесімен құттықтаймыз!
Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінің оқытушылары мен студенттері Алмалы ауданы, Жібек жолы көшесінде өткен «CAREER DAY» кәсіптік бағдар беру фестиваліне қатысты. Фестивальдің мақсаты – түлектерге университетте оқуын жалғастыруға немесе қызықты жұмыс табуға мүмкіндік беру болды. Мұндай жәрмеңкелер маусым айының соңына дейін қаланың барлық аудандарында өтеді деп жоспарлануда.
Колледжіміздің өндірістік оқыту шебері Айтмухамбетова Н.С. Алматы қаласының білім саласындағы жас педагогтар арасында өткен «Өз жұлдызыңды жақ» қалалық конкусында жүлделі 3 орын иеленді. Нуржанат Сапарбайкызы құттықтаймыз!
Бейжің кәсіптік мектептері мен «Жібек жолы» елдерінің кәсіптік оқу орындары арасындағы «Жібек жолының шеберлері»
2023 байқауына KITIG студенттері келесі құзыреттер бойынша қатысты:
1. «Бариста» құзыреті – Ақтілеуов Нұрмұханбет, Әбілқасымова Динара.
2. «Кондитер» құзыреті – Румянцева Елизавета
3. «Аспаз» құзыреті – Шәріпбай Рамазан, Қалиев Бақдәулет
Бұл байқаудың ұйымдастырушылары – «OULU» білім беру орталығы (ҚХР, Пекин).
23.05.2023ж «Кремді тұздықта саңырауқұлақ қосылған тауық етін дайындайды» тақырыбында бинарлық ашық сабақ өтті. Өндірістік оқыту шебері:
Айтмурзаев Н.С
Дене шынықтыру мұғалімі: Байзаков М.Д
22.05.23ж. Туризм және қонақжайлылықиндустриясы колледжінде «Жас Маман» жобасы аясында «Планетарлық миксер, блендер, мұздатқыш, көкөніс кесу машинасы, вакуумдау машинасы және жуу машинасын пайдалану қағидалары» тақырыбында мастер класс өтті. Жауапты өндірістік оқыту шеберлер:Айтмухамбетова Н. Турганов А.А., Алмасбек А.Б., Батыр А. Б.
Құрметті Рашида Рашидқызы! Қымбатты серіктесіміз, Қазақстан туризм қауымдастығы, кәсіби төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Біздің бірлескен жұмысымыздың негізгі құрамдас бөлігі – сенімділік, шабыт және тұрақтылық. Олар біздің жұмысымызда үнемі бірге серік болсын!
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасын жүзеге асыру аясында 2023 жылдың 17 мамырында «Ұлттық тағамдарды жаңғыру» бойынша қалалық конкурс өтті.
Байқауды ұйымдастырушылар – Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты бөлімі, «Хама парк» мейрамханасы, Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжі.
Сірке қышқылының алу жолдары мен химиялық қасиеттерің зерттеу» тақырыбындағы химия пәнінең 80ОППб тобымен оқытушы Рамазанова С.С. ашық сабақ өткізді.
16 мамыр күні өндірістік оқыту шеберлер Айтмухамбетова Н.С және Садуақасова С.Х. өндірістік оқыту сабағынан «Сорпа дайындау үшін жұмыс жұмыс орнын ұйымдастырады» тақырыбында бинарлық сабақ өткізді.
Бүгін, 12.05.2023 жылы Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай Алматы мемлекеттік көлік және коммуникация колледжінде ән айту және сапта жүру бойынша аудандық көрме-байқау өтті. Біздің студенттер өздерінің сапта жүру, оқу ату және физикалық дайындығы бойынша дағдыларын көрсетіп, жақсы нәтижелер көрсетті. Тартылу бойынша 1-ші орынды 1-курстың 77 ОПП-б тобының студенті Даулетбай Жалғас, ЖӘҚЖ кию бойынша 3-ші орынды 1-курстың 77 ОПП-б тобының студенті Ғазиханов Ядгарбек иеленді. Көрме қорытындысы бойынша барлығына дипломдар мен грамоталар берілді.
26 сәуірінде «Қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, ашытқы қамырынан әртүрлі тартылған ет пен салмалардан бұйымдар жасайды» тақырыбында ашық сабақ өтті. Оқу шебері: Дүйсенбай Сағыныш Бекұлы
26-шы сәуірде «Жас педагогтардың колледждегі жұмыс жағдайына психологиялық бейімделуі» тақырыбында қалалық семинар-тренинг өткізілді.
24 сәуір күні Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасында Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледж кітапханасының меңгерушісі Жұмабаева Гүльнар Бексултановнаның ұйымдастыруымен Айдос Ербосынұлының «Жағың сынса да, сағың сынбасын» атты кітабының тұсау кесері өтті .
Кездесуге колледж білім алушылары қатысып маңызды, қызықты мәліметтерге ие болды.
21.04.2023 жылы оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлеріне «Аюсай шатқалына экскурсия жүргізу» тақырыбында мастер- класс өткізілді. Жауапты ө/о шебері: Тусупова А.К.
Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінің студенттері WorldSkills Almaty-2023 аймақтық чемпионатына 6 құзырет бойынша қатысып, жүлделі орындарға ие болды. 1 орын: Аспаздық – Шәріпбай Рамазан; Мейрамхана қызметі – Әбілқасымова Динара. 2 орын: Қонақ үй-ресепшн – Алпысбай Камила. 3 орын: кондитерлік өнімдер – Дүйсенбек Камилла; Экскурсовод – Тұрар Арман; Ет өндіруші
17 сәуір күні Израильден келген жұмыс берушінің шақыруымен «Рататуй жолы аспаздың көмекшісінен Бас аспазға дейінгі» тақырыбында қонақтық дәріс өтті. *Светлана Ханинаева* — Crudo стейкхаустарының бренд-аспазы, израильдік аспаз және қасапшы, израильдік «Аспазшылар ойындары» аспаздық шоуының жартылай финалисті, «Мастершеф» телешоуының бірінші маусымының қатысушысы.
17 сәуірде сағат 10:00-де Израильден келген жұмыс берушінің шақыруымен «Түтін мен кетчуп әні» тақырыбында қонақтық дәріс өтеді. *Светлана Ханинаева* — Crudo стейкхаустарының бренд-аспазы, израильдік аспаз және қасапшы, израильдік «Аспазшылар ойындары» аспаздық шоуының жартылай финалисті, «Мастершеф» телешоуының бірінші маусымының қатысушысы.
7 апреля 2023 года студенты Колледжа индустрии туризма и гостеприимства посетили музей Абильхана Кастеева, известного казахского живописца, основателя казахского изобразительного искусства. Сотрудники музея провели красивые и впечатляющие экскурсии, чтобы продемонстрировать высокий уровень искусства музея, используя богатые иллюстративные материалы из коллекции истории визуального, декоративно-прикладного искусства музея.
Тренеры Казахской академии спорта и туризма провели мастер-класс по спортивному туризму для студентов 1 и 2 курсов специальности туризм. Благодарим @kazast_official и @kta_kagir за проведенный мастер-класс.
07 сәуір күні Ату университетінде Ашық есік күні өткізілді. Біздің колледжіміздің шәкірттері өздерінің қазіргі мамандықтарын жоғарғы деңгейде қалай жалғастырса болатындығымен танысып шықты.
Бас сарапшы ретінде WorldSkills Almaty бесінші чемпионатын аяқтады. Ұлттық чемпионаттағы 2 жүлделі орын және 1 медальон нәтижелері. 2024 жылы әріптестері бас өңірлік сарапшы болып қайта сайланды.
28 наурыз күні біздің конференц-залымызда «Білім беру үздіксіздігі» тақырыбындағы дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шараға бірнеше колледж және мектеп басшылары қатысып, мектеп және колледждер арасындағы өзара байланысын арттыру жолдары талқыланды.
Колледжіміздің ағылшын тілі пәнінің оқытушылары әріптестерімізге “Ағылшын тілін үйренудің тиімді әдістері “тақырыбында семинар өткізді. Жауапты оқытушылар: Қалмет Ж.Б. Атейбекова С.С
Арнайы пәндер бойынша он күндігі аясында «Қоғамдық тамақтандыру» топтары мамандығы бойынша жарыстар және мастер класс өткізілді
1)15.03.2023 жылы «Аспазшылар» 2) 16.03.2023 ж. «Қара жәшік» 3)17.03.2023 ж. Мастер-класс «Көкөністерден жасалған шедеврлер».
10 наурыз күні Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледж кітапханасының меңгерушісі Жұмабаева Гүльнар Бексултановнаның ұйымдастыруымен 66 ОП-б білім алушылармен мұражайға саяхатқа барды. Білім алушыларымыз туған өлке тарихына деген қызығушылығын қолдау және дамыту; білім алушылардың бойында ата-бабаларына деген құрмет сезімді және өзінің туып-өскен жеріне деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.
17.03.23ж. арнайы пәндер он күндігіне орай «Тамақтандыру ұйымдастыру» мамандығындағы білім алушылар арасында «Кәсіби калейдоскоп» атты конкурс өтті. Конкурс нәтижесінде: 1-орын 81 ОПП-Б 2-орын 69 ОПП-Б 3-орын 87 ОП топтары иленді.
20 ақпаннан бастап 20 наурызға дейін Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінде Бүкіл әлемдік Азаматтық қорғаныс күніне орай іс-шаралар өткізілді. Іс-шаралар түрлі жоспарлы болды: семинарлар, дөңгелек үстелдер, әңгімелер, спорттық эстафеталар мен ойындар, сонымен қатар сейсмикалық жаттығу да өткізілді.
Колледжіміздің өндірістік оқыту шебері Айтмухамбетова Н.С. жүлделі 2 орынды иленіп конкурстың Қалалық кезеңіне өтті. Нуржанат Сапарбайқызын құттықтаймыз! Сәттілік тілейміз!
Түлегіміз Никита Почекутов – кәсіпқой хоккейші, спорт шеберіне үміткер, Қазақстан Республикасының чемпионы, «Алматы» және «Торпедо» клубтарының намысын қорғаған, Ресейдің «Сібір. Қиыр Шығыс» дивизионында өнер көрсеткен. Ол өзінің хоккей клубы мен әуесқойлар лигасын ашты. Алматылық әуесқой хоккейшілер Беларусь елін бағындырмақ. Жас әрі өршіл хоккей командасы RIGHT HOCKEY LEAGUE (RHL) Минск қаласына барады, онда 22 және 23 наурызда Беларусь әуесқойлар лигасымен күш сынасады. Матчтар «Чижовка-Арена» стадионында өтеді. Лиганың жетекшісі – кәсіпқой хоккейші, спорт шеберіне кандидат, Қазақстан Республикасының чемпионы Никита Почекутов. Спортшы Ресейдегі «Сібір. Қиыр Шығыс» дивизионында өнер көрсеткен «Алматы» және «Торпедо» клубтарының намысын қорғады. Кәсіби мансабын аяқтағаннан кейін Никита «Еңбек» әуесқой хоккей клубын белсенді түрде дамытуда. «Еңбек» 40-лигада алғашқы маусымын өткізді, бүгінде ол Алматы хоккей лигасында екі командамен және РХЛ-да бір командамен ойнайды. Клубтың артында Қарағанды, Астана, Шымкент қалаларындағы әуесқойлар турнирлері бар. Хоккейшілер мұнымен тоқтап қалмақ емес. Жоспарларға 2023 жылдың мамыр айында Дубайда өтетін әуесқойлар турниріне қатысу бар. Жаттықтырушы өз лигасы туралы мақтанышпен айтады: «Біздің лигамыз ОҢ ХОККЕЙ ЛИГАСЫ деп аталады, яғни. «Адал хоккей лигасы». Оған қаладағы басқа лигаларға қатысы жоқ 8 команда қатысуда. Біз жарыстарды хоккей ойынының барлық ережелері бойынша өткіземіз және қатаң ережелерді сақтаймыз. RHL командасы Беларусь сапары үшін арнайы құрылған. Оған әр команданың үздік ойыншылары енді.
15-ші наурыз күні 5 ХМКб тобы «Jibek joly» телеарнасы, «Әпке, апа, жан ана» тақырыбындағы «Ел» бағдарламасына қатысты.
Білім алушылар үшін тәрбиелік мәні бар бағдарлама әсерлі эмоцияға толы болды.
17 февраля 2023 года в Колледже индустрии туризма и гостеприимства была проведена встреча с участниками боевых действий в Афганистане. Студенты с большим вниманием прослушали рассказы гостей о миссии, которую выполняли воины – интернационалисты в Афганистане, о мужестве и героизме наших солдат, задавали вопросы. Студенты узнали много нового и интересного. Также состоялся праздничный концерт, где прозвучали песни, стихи в исполнении студентов колледжа.
Салауатты өмір салтын насихаттауға арналған 《Шебер,ата-ана және мен 》
Бүгін, 30 Қаңтарда туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінде «» өндірістегі ХАСП деген не?» атты «Қазақстанның азық-түлік кәсіпорындары одағы» ЗТБ директоры Сабралиева Маринаның шақыруымен лекция өтті.
2023 жылдың 23 қаңтар күні Туризм және қонақжайлылық колледжінде «Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасын іске асыру жоспарының аясында ҚазҰУ-дың аға оқытушысы жас ақын Омарұлы Бауыржан Әліқожамен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуде колледждің 1 курс студентері қатысып, мағыналы мәнді сұрақтардың жауаптарын алды. Кездесуге сонымен қатар Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығын лауеаты. ҚазҰУ-дың аға оқытушы ақын Әшірбаев Бекжан қатысып кітап оқу, оқуға деген құштарлықты тәрбиелеу төңірегінде өз ойымен бөлісті. Кездесу нәтижесінде студенттер ақындық, өлең әлемінен әдемі әсер алғандарын жеткізіп, рақметтерін айтты.
Бүгін 15 қараша күні біз мамандарды даярлау сапасын арттыру бойынша жұмыс берушілермен одан әрі және тиімді серіктестік жасау мақсатында өткізіліп жатқан «ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР КҮНІН» тойлап жатырмыз.
Колледжіміздің әлеуметтік серіктестері. Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймыз!
Құрметті достар!
Сіздерді 2022 жылғы 15 қараша күні сағат 10.00-де
Чайковский көшесі, 7 үйдің конференц залында өтетін
«ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР КҮНІН» тойлауға арналған
іс-шараға қатысуға шақырамыз..
Колледж түлектерін жұмысқа орналастыру сұрақтары бойынша жауапты Мунарбай М.К 17ТБ студенттерімен Rixos қонақ үйінде
Өндірістік оқыту шебері @inkarnasion1 бастаған 64ОП тобының еріктілері қарттар күніне орай қариялардың көңілін көтеріп қайтты. Жарайсыңдар!
Оқытушылардың гастрономия, тағам дайындаудың заманауи стандарттары саласындағы біліктіліктерін арттыру» жобасын жүзеге асыру шеңберінде колледжде халықаралық сарапшы Ulrich Humer (Германия) мырзаның басшылығымен WorldSkills-ке дайындық бойынша бірқатар оқыту тренингтері өткізілуде. Ulrich Humer (Германия) мырза мейрамхана бизнесі саласында кең ауқымды теориялық және практикалық халықаралық тәжірибеге ие, сондықтанда ол оқытушылардың біліктілігін арттыруды дамыту үшін сай келеді. Нұсқаушы ретіндегі көп жылдық қызметінің арқасында ол гастрономия, тағам дайындаудың заманауи стандарттары саласындағы мейрамхана бизнесі маманының кәсіби білімдерін білікті мамандармен қатар тәжірибесі жоқ қызметкерлерге де көрнекті әрі түсінікті етіп жеткізе алады.
Қазіргі таңда ө/о шеберлері мен арнайы пән оқытушылары түрлі тұздық түрлерін дайындаудың заманауи талаптарымен танысып шықты: Sauce Robert, au Vin blanc, Btown basic sauce
2022 жылдың 05 қазанында мейрамхана бизнесіндегі World Skills сайысының бас сарапшысы Керимбеков А.С шақыруымен «Салқын лимонадттарды дайындау» тақырыбында мастер-класс өтті.
Шеберлік сабағына өндірістік оқыту шеберлері және Франкфурттен келген колледжіміздің басты қонағы Ulirih Huhmer қатысты.
Жауапты өндірістік оқыту шебері: Дүйсенбай Сағыныш Бекұлы.
Германияның Аға сарапшылар қызметі (SES) жобасының шеңберінде Ульрих Хюмер мырзаның 3 апталық кәсіби шеберлік тренингі басталды.
Бүгін біздің Колледжімізде комплаенс-офицері А.Қ. Қансарбаев арнайы сыбайлас-жемқорлық жұмысын ұйымдастыру бойынша және «Саналы Ұрпақ» Клубының қызметін жүргізу бойынша жиналыс өткізді.
Бүгін колледж Краснодар қаласында Қазақстанның азық-түлік кәсіпорындары одағы мен Ресей Федерациясының бизнес өкілдерімен дөңгелек үстел ұйымдастырды. Бұл шараның мақсаты – халықаралық ынтымақтастықты нығайту.
WorldSkills Almaty 2022 Аймақтық чемпионатын дайындау мен өткізуде демеушілік қолдау көрсеткені үшін Технодом @technodomkz компаниясына алғысымызды білдіреміз. Технодом компаниясының арқасында чемпионаттың 51 жеңімпазы компьютерлік планшеттердің бақытты иегерлері атанды. Аталған планшеттер оларға білім беру траекториясын үйлесімді құруға және Soft skills қалыптастыруға жақсы көмектеседі. Технодом компаниясының ұжымына одан әрі өркендеу, табыс пен сарқылмас шығармашылық қуат тілейміз!
Чемпионаттың мақсаты – жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру және шеберлік дағдыларын дамыту.
Чемпионатқа 51 құзыреттілік бойынша 353-тен астам жас мамандар қатысады. Чемпионат 2022 жылдың 12-19 мамыр аралығында Алматы қаласының 21 колледжінің базасында өткізіледі.
2022 жылдың 28 сәуірінде 155 орта мектептің 9-11 сынып оқушылары үшін ерте кәсіптік бағдар беру аясында ECOBER компаниясына ақпараттық тур өткізілді. Студенттер тамақтандыру орындарының соңғы үлгідегі жабдықтарымен, ыдыс-аяқтарымен, инвентарларымен танысты.
Фестивальға ОП тобының студенттері қатысты:
Курилев Егор «А2 – гидробионттардан (теңіз өнімдері) негізгі мейрамханалық тағам дайындау» номинациясында екінші орынды иеленіп, Фестивальдің күміс медаліне ие болды;
Белоусов Дмитрий «А3 – құс етінен негізгі мейрамханалық тағам дайындау» номинациясында бірінші орынды иеленіп, Фестивальдің алтын медаліне ие болды.Колледж түлегі Стерликов Никита «2022 жылғы Алтын бас аспазы» номинациясы бойынша қатысып, бірінші орынды иеленді және алтын медальға қол жеткізді.
Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халықының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
13-22.04.2022 жыл аралығында Халықаралық Қазақ- Қытай тіл колледжінің ұйымдастыруымен «Жас турист» республикалық этно- экскурсиялық байқау өткен болатын. Байқауға Қазақстанның әр өңірінен 14 команда қатысып, 7 команда 2 турға өтті. Біздің колледжіміздің туризм мамандығының 1 және 2 курс студенттері байқауға қатысып, жақсы көрсеткіштер көрсеткен болатын.
2022 жылдың 22 сәуірінде Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжі Алмалы ауданында өткен «Мамандықтар әлемі» фестиваліне қатысты. Фестиваль қонақжайлылық пен достық форматында өтті!
Туризм және Қонақжайлылық Индустриясы Колледжінің оқу-өндірістік шеберханасында 26 сәуір күні «Қамырдағы балық тағамын дайындау” тақырыбында мастер класс өтті. Мастер класты өндірістік оқыту шебері Алмасбек А.А өткізді
21.04.2022ж. » Алматы ақшамы»газетінің Бас редакторының орынбасары,Қазақстанның Мәдениет қайраткері,ҚР Ақпарат саласының үздігі,Қазақстан Жазушылар одағының және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі,лирик,ақын Әнуарбек Әуелбектің»Көңіл көктемі»атты жыр жинағының таныстырылымы болды.
21.04.2022 «ОП» мамандығы бойынша 2 курс студенттеріне арналған «Аспаздық жұлдыз» кәсіби шеберлік байқауынан өтті.
19.04.2022 «ТОП» мамандығының 2 курс студенттеріне «Творожный пирогты сүзбе пісіру» кәсіби шеберлік байқауы өтті.
18.04.2022 «ГБ» мамандығы бойынша 1-2 курс студенттеріне арналған «Жас қонақ үйші» кәсіби шеберлік байқауы өтті.
2022 жылдың 15 сәуірінде колледж студенттеріне «ХАССП бойынша өнімдердің сапасын бақылау» тақырыбында семинар өтті, оқытушы Metro Cash & Carry @metro.com.kz компаниясының менеджері Құралай Құтжанова,сапа бөлімінің меңгерушісі.
Осындай мамандық бар» номинациясында колледж студенттері жүлдегері орындарға ие болды: 2 орын -Михеева Валерия, жетекшісі Сыдыгалиева Э.У.
3 орын- Салимбаева Дилиана, жетекшісі Сартаева А.Т. Жеңімпаздарды марапаттарымен құттықтаймыз!
13.04.2022 жылы өндірістік оқыту шеберлерінің онкүндігі аясында «кім саяхаттайды, сол біледі» елтану бойынша зияткерлік викторина ұйымдастырылды. «Туризм «мамандығының 1-2 курс студенттері қатысты. Барлық қатысушыларға дипломдар мен алғыс сертификаты берілді. Өндірістік оқытудың жауапты шебері Тусупова А. К.
12 апреля 2022 года в производственном цеху прошел мастер-класс на тему «Новый подход к приготовлению национальных блюд» Шеф-повар ресторана «Сандык» @sandyq_restaurant: Скак Манас Манакбатырович @manas_iskhaq
Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінің оқу-өндірістік шеберханасында 24 наурыз күні «Вупи пай тортын дайындау» тақырыбында мастер- класс өтті. Мастер-класты өндірістік оқыту шебері Н.С. Айтмухамбетова өткізді.
7 сәуір күні кәсіптік оқыту шеберлері Алмасбек А., Ескелді Л., Хиониди Д. «Аяла» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында @centr_rebilitasion «Қанапенің әр түрін пісіру» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді.
Арнайы пәндер апталығы аясында 1 курс студенттеріне «Мейрамханада тұтынушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру» пәні бойынша «Дастархан жасау» шеберлік сыныбы өтті.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттерінің арасында өткен «Мамандықтар әлемін ашамыз» атты қалалық форумының, Республикалық спорт чемпионатының және Алматы қаласының колледж оқушылары арасында XXVI қалалық спортакиадасының жеңімпаздарын құттықтаймыз.
Колледж сіздердің назарларыңызға «Мамандықтар әлемін ашамыз» қалалық форумының қатысушысы, 1 курс студенті Михеева Валерияның «Менеджер – ғасыр мамандығы!», жетекшісі Сыдығалиева Элмира Үсенқызы.
Колледж Сіздердің назарларыңызға «Мамандықтар әлемін ашамыз «қалалық форумының» Менің мамандығым – менің бизнесім «номинациясы бойынша» Менің мамандығым – менің бизнесім» тақырыбындағы 2 курс студенттері Мейірхан Әлмираның жұмысын ұсынады, жетекшісі Атежанова Айнұр Сапарғалиқызы.
«Атамекен» ҚР ҰКП «Тұран» университетінде өткізген «Үздік бизнес жоба» қалалық байқауының қорытындысы бойынша студенттеріміз сыйлықтармен және номинациялармен марапатталды: 3 орын – Алмасай Айша 2 ХМКК-Б. Өнеркәсіптік өндіріс саласындағы үздік бизнес жоба – Муратидис Константин, Чепелев Кирилл 7 ГБ Ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар және қызметтерді көрсету саласындағы үздік бизнес жоба – Салимбаева Дилиана 7 ГБ Өнеркәсіптік өндіріс саласындағы үздік бизнес жоба – Мейірхан Альмира, Құрманғажынов Мейрамбек 2 ХМКК-Б Үздік әлеуметтік жоба – Эноткина Влада, Бекенова Адела , Андиржанова Айдария 16 Т-Б Өнеркәсіптік өндіріс саласындағы үздік бизнес жоба – Калиева Жанерке, Колодина Анастасия, Масанчи Сулейман Бестбир Интернет жобасы 64 – А. Акмалхан, Сараев Алексей, Ким Сабина 69 OPP-B Үздік бизнес жоба: бизнесті жүзеге асырудың құрылымдық сипаттамасы – түпкілікті нәтижелерді көрсететін идеялар – Краснобородкина Дарья, Макаревич Галина 16 Т-Б Туризм және қонақ үй шаруашылығы саласындағы үздік бизнес жоба – Алпысбай Камилла, Байсадықова Балғын, Мәлік Тамирис 5 ГБ-Б Үздік бизнес-идея – Садыра Алтынай 56 ТОП-Б Ғылыми-инновациялық құрамдас бөлігі бар үздік жоба – Халидолла Аида, Мұқашева Жансая 56 ТОП-Б. Құттықтаймыз!
10 наурыз күні біздің колледж директоры Н.Ж. Жабықбаев – Қалалық оқу орындарының директорлар кеңесінде – «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жоспардың орындалу барысы» туралы сөз сөйлеп, өз баяндамасымен таныстырды.
2022 жылдың 10 наурыз айында өндірістік оқыту шеберлері Мельдебекова Гаухар Гарифулақызы және Алибек Ұлпан Серікқызымен 10130300 – «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы «КМ 01 Ашытқы қосылған қамыр мен одан өнімдер дайындау» модулінің оқыту нәтижесі бойынша чек парақтарымен бағалау тапсырмаларын әзірлеу тақырыбында семинар өтті.Семинарға өндірістік оқыту шеберлері қатысты.
02.03.2022 жылы өндірістік оқыту бойынша ашық сабақ өтті.Өндірістік оқыту шебері С.Б.Дүйсенбай студенттерге шоколад помадасын пісіруді үйретті.Сабаққа 59 топ-б 2 курс студенттері қатысты.
Бүгін колледжіміздің «Жас сарбаз» клубының жетекшісі Қ.Науқановтың бастамасымен Алмалы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі әскери-патриоттық тәрбие бөлімінің бастығы, майор Қайсар Бибатшаевпен кездесу ұйымдастырылды. Жиын барысында әскери қызмет мәселесі және осы саладағы өзгерістер талқыланды.
24.01.2022ж. «Жас мамандардың аспазшы мамандығына деген қызығушылықтарын арттыру» тақырыбында қонақ дәрісі өтті.
Жұмыс беруші : «Пикник парк» демалыс орнының бас аспазшысы: Біләл Шәдияр Нурғазыұлы
2022 жылдың 25 қаңтарында француз кондитері Бастиен Эмердің «Печенье негіздерімен жұмыс істеу: классикалық және шоколадты печенье, қасық печенье, нан қосылған печенье» тақырыбында шеберлік сабағы өтті.
Бастиен өндіріс шеберлерінің дайындығын төрт командаға бөліп, француз асханасының төрт түрлі печенье түрін дайындауды ұсынды.
Шеберлік сабағы жоғары деңгейде өтті.
21 қаңтарда «Өндірістік оқыту сабақтарында модульдік технологияны қолдану» өзіндік білім беру тақырыбында семинар өтті, семинар барысында «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша тапсырмаларды бағалау үшін бақылау парақтары әзірленді және жаңартылды.
4 желтоқсан күні студенттер үшін «Жобалау қызметі өзін-өзі дамыту факторы ретінде» тақырыбында семинар өткізілді. Ғылыми жобалар әзірлеу тәжірибесімен колледждің түлектері Ермаков Богдан мен Раудсеп Рудольф бөлісті.
26 қараша 2021 жылы 56 ТӨҰ-б тобында «Жастар котлеті тағамын дайындау және оны ұсыну» тақырыбы бойынша ашық сабақ өтті. Студенттер тағамды дайындауда және оны безендіруде инновациялық технологияны пайдаланды.
Ө/о шебереі: Бадыкова Л.Р.
2021 жылғы 23 қарашадан бастап 23 қарашаға дейін Алматы облысының Қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжінде 34 «Аспаз ісі» құзыреттілігі бойынша WorldSkills регламенті бойынша Ұлттық чемпионат өтті. Алматы қаласының атынан Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінің студенті Курилев Егор қатысып, өз қабілетін, дағдыларын, шеберлігін көрсетіп, тамаша нәтижелер көрсетті
Біздің колледжіміздің Студенттік Кеңесі төрайымы Батырбаева Алтынай «Қазақстанның үздік 100 студенті» қатарына еңіп, осы құрметке 2021 жылы ие болған Алматы қаласы колледждерінің жалғыз өкілі. Алтынай мен Керімбеков Азат Сәбитұлын шын жүректен құттықтаймыз. Алтынай мен Азат Сәбитұлын колледж директоры Нұрдәулет Жақыпбекұлы арнайы шақырып, құттықтап, сәттілік тіледі.
23 қараша күні «Жас маман»бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Қонақжайлылық индустриясы құзыреттілігінің орталығы ашылды. Ашылу салтанатына келесі әлеуметтік серіктестер қатысты: Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстанның туристік қауымдастығы, Қазақстанның тағам кәсіпорындары одағы, Француз Альянсы, Метро Кэш энд Керри, cafe Central, Алматы сервистік қызмет көрсету колледжі.
Мемлекеттік аттестаттау шеңберінде Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжі өзін-өзі бағалау жүргізді.
Колледж директоры Жабыкбаев Нурдаулет Жакыпбекович педагогикалық кеңесте ұжымды Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 124 бұйрығына сәйкес шарттар бойынша өзін-өзі бағалау нәтижелерімен таныстырды. Педагогикалық ұжым Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжін мемлекеттік аттестаттау шеңберіндегі колледждегі өзін-өзі бағалау жүргізу жөніндегі комиссия жұмысының нәтижелерін мақұлдады. Колледждің өзін-өзі бағалау қорытындысы объективті деп танылып, комиссия «uzdik» деп анықтаған бағасы критерийлер бойынша бағалау соммасының арифметикалық орташа мәні ретінде бекітілді.
Мемлекеттік аттестаттау шарасы шеңберіндегі колледждің өзін-өзі бағалау бойынша есебі білім саласын бақылау департаментіне ұсынылды.
Бүгін біздің Колледжіміздің «Саналы Ұрпақ» клубының мүшелері мен осы Клубтың жетекшісі С. Сюрикпаева – «Қоғамда парасаттылық мәдениетін қалыптастыру» онлайн-семинарына қатысты. Ұйымдастырушысы – «Адалдық Алаңы»
Сегодня на базе АКСО состоялся городской конкурс профессионального мастерства «Бауырсак фест» среди мастеров производственного обучения
В конкурсе участвовали: Дуйсенбай С.Б, Бадыкова Л.Р, Атежанова А.С, Маметаева Г.А, Айтбай К.А, Мельдебекова Г.Г
Мастера п/о заняли 3 призовое место и гран при за Арт- стол
Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінің оқытушылары мен студенттері «Менеджмент жүйесіндегі ойлаудың өзгеруі: бизнестің тұрақты дамуы үшін 2021 жылға арналған ISO стандарттары мен практикасы» атты халықаралық конференцияға қатысты.
«Туындаған мәселелер мен оларды шешу жолдары» Алматы 2021 WorldSkills аймақтық чемпионатын өткізудің қорытындылары. Шақырылғандар: сервистік қызмет көрсету колледжінің директоры, WorldSkills Алматы стратегиялық комитетінің мүшесі Карагулов Е.С., техникалық комитет төрағасының орынбасары Темирбекова А.Б.
WorldSkills Алматы, 07.10.2021ж.
04.03.21 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары Рамазанова А.Б мен Байғалиева А.Т ұйымдастыруымен «Блум таксономиясы негізінде қазақ тілі сабағын жүргізу» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.
Семинар мақсаты: Блум таксономиясы туралы түсініктерін кеңейту, сабақ барысында Блум таксономиясын қолдану ерекшеліктерін үйрету.
Құрметті әріптестер, мен сіздерді 4 наурыз күні сағат 10.00-де, 10 кабинетте өтетін «PDSA циклімен модульдік технологияларды өндірістік оқыту сабақтарында қолдану» тақырыбындағы семинарға шақырамын. Семинарды өндірістік оқыту шебері Айтмурзаев Н.С. жүргізеді.
Туризм және қонақжай индустриясы колледжі студенттерінің барлық ата-аналарының назарына!
Әр апта сайын, сейсенбі күні, сағат 11.00-де, ата-аналар мен колледж әкімшілігі арасында тікелей байланыс орнату үшін онлайн-кездесу өткізіледі. Жиналыс барысында ата-аналар өздерінің сұрақтарымен және өтініштерімен колледж әкімшілігіне тікелей хабарласуға мүмкіндік алады.
Осы кездесуге қатысу үшін ата-аналар сейсенбіге дейін балалары оқитын оқу тобының кураторымен алдын-ала байланысқа шығып, әкімдікпен кездесуді жоспарлауға көмектесуі керек.
Кездесу ЗУМ арқылы онлайн режимінде өтеді. Жиналыс сілтемесі алдын-ала қатысқысы келетін ата-анаға ғана жіберіледі.
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Қансарбаев Жәнібек Қорғанбекұлынан семинар. Тақырыбы: студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау 03.03.2021 ж
25.02.2021 ж. ТжҚИК-де өндірістік оқыту шеберлеріне арналған семинар өтті: «ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ ШЕБЕРЛЕРІНІҢ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ НЕГІЗГІ РЕТТЕУ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚҰЖАТТАР» Өндірістік оқытудың жауапты шеберлері: Айтбай Қ.А. және Алмасбек А.Б.
«Қазақтың ұлттық тағамы-қуырдақ»шеберлік сыныбы. Мастер-класс біздің түлегіміз Айдар Жұматовтың шақыруымен өтті.
ТжҚИК студенттері ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтайды
Мұқағалидің мәңгілік мұрасы» тақырыбында «парасаттылық сағаты»»
Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 31 қаңтардағы No 3 қаулысы
Біздің колледжде офлайн түрде бинарлық ашық сабақ өтті физикалық мағынасы. Кинематика.
Ә. Әбішева, Ә. Өмірбекова
19.02.21 ж. туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінде жаңадан келген оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлеріне арналған»тұлғаның әлеуметтік рөлдері, табысты маманды қалыптастыру факторы ретінде. Өнер меңгеру білдіреді». Бірлескен қызметтің басты ерекшелігі оның әлеуметтік рөлін анықтау және эмоцияларыңызды басқару дағдыларын игеру болды.
Біздің колледжде сыбайлас жемқорлыққа қарсы көріністердің алдын алу бойынша арнайы ақпараттық стендтер пайда болды
10 желтоқсан күні «Менің Қазақстаным» атты мемлекеттік тіліндегі шығармалар сайысының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізілді.
Бұл сайыс қорытындысы бойынша:
3 орын – Габдикармова Диана, 1 курс студенті, 56 ТОП-б;
2 орын – Крылова Анжела, 1 курс студенті, 3 Гб-б;
1 орын – Ормашева Мадина, 3 курс студенті, 9 М-б
Құттықтаймыз!!!
Туризм және қонақжай индустриясы колледжі 2020 жылдың 15-17 қазанына жоспарланған
СЫРТҚЫ САРАПШЫЛАР КОМИССИЯСЫНЫҢ САПАРЫ
АККРЕДИТАЦИЯ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ ТӘУЕЛСІЗ АГЕНТТІГІ (IAAR) (ИНСТИТУТУАЛДЫҚ,
Мамандандырылған аккредитация)
Біз қыздардың кәсіби өсуіне және жеке дамуына ықпал ететін қосымша білім беру жобаларына кадрларды қабылдауды жалғастыру туралы хабарлауға қуаныштымыз. Жобалар туралы барлық ақпарат және өтінім формасы сілтемелерде қол жетімді
МАМАНДЫҚТАР
Азық-түлік кәсіпорындарының өндірісін ұйымдастыру технологиясы
Техник-технологтың кәсіптік қызмет объектілері болып мейрамханалар, кафелер, асханалар, жоғары мамандандырылған кәсіпорындар табылады.
Менеджмент
Менеджердің кәсіби қызметінің объектілері сауда және сервистік кәсіпорындар - сауда орталықтары, гипермаркеттер мен супермаркеттер, қонақ үйлер, ойын-сауық орталықтары, туристік компаниялар.
Тамақтандыру ұйымы
Кәсіби қызметтің объектілері: аспаздық және кондитерлік өнімдерді дайындаудың технологиялық процесі; ыдыс-аяқтың құнын есептеу процесі; клиенттерге қызмет көрсету; өндірістік процесті ұйымдастыру және қоғамдық тамақтандыру компаниясының өнімдерін сату.
Қонақ үй нысандарына қызмет көрсетуді ұйымдастыру
Сервистік менеджердің кәсіби қызметінің нысандары қонақүйлер кешені болып табылады.
Туризм
Туристік менеджердің кәсіби қызметінің объектілері болып туризм саласындағы кәсіпорындар, туризмді басқару органдары, экскурсия бюролары, туристік фирмалар мен корпорациялар, кәсіпорындар, басқару саласындағы кәсіби білімді қажет ететін әртүрлі ұйымдастырушылық-құқықтық нысандағы ұйымдар табылады.
Нан-тоқаш, макарон және кондитерлік өнімдер
Кондитер қызмет саласы: қонақ үй және мейрамхана бизнесі тамақтану орындары кондитерлік цех
Есеп және аудит
Бухгалтер - аудитор қызмет саласы: Әр түрлі коммерциялық және өнеркәсіптік кәсіпорындар, бухгалтериялар
Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipiscing elit. Ut elit tellus, luctus nec ullamcorper mattis, pulvinar dapibus leo.