«Нарық талаптарына сай халықаралық стандарттар деңгейіндегі білікті мамандарды дайындау».
Құрметті достар!
Сіздерді ежелгі аспаздық шеберлік мектебінің бірі — Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінің сайтына қош келдіңіздер!
Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжі жоғары білім мен кәсіби шеберлікті мақтан тұтады: сапалы білім, атмосфера, олардың арасындағы үйлесімділік — менің ойымша, қазіргі колледж мүмкін емес.
Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінің құрамы дарынды оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінен тұрады, олар өз ісін шын жүректен жақсы көреді.Зияткерлік және шығармашылық жұмыстың ерекше атмосферасы, шығармашылық шешім іздеуі, арнайы білім беру ортасы; өзара сыйластық, өзара көмек және сөз бостандығын құру, сонымен қатар кәсібилік, туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінің бірегейлігі
Болашақта сіз біздің сайтымыздың тұрақты оқырманы болады деп үміттенеміз.
Сәттілік пен болашаққа деген ізгі тілектер
Жабыкбаев Нурдаулет Жакыпбекович!
Жаңалықтар
05.02.2024 ж. Колледжімізде “Айша” кондитер цехінің директоры Басшыбаев Бахытжанмен бірге “ кондитерлік өндірістегі жаңа технологиялары мен инновациялары” тақырыбында қонақ дәрісі өтті.
Жауапты өндірістік оқыту шебері Канапьянова Б.Ж.
Жеке тұлғаны дамыту және өзін-өзі жетілдіру мұғалімдерінің өзін-өзі анықтауына ықпал ету мақсатында циклдік әдістемелік комиссия төрайымдары Алимджанова Г.С. және Маметаева Г.А. 2024 жылдың 24 қаңтарында «Өзін-өзі тәрбиелеу кәсіби өсу мен педагогикалық шеберлікті дамытуды басқару нысандарының бірі ретінде» тақырыбында семинар өтті.
12 қаңтар күні тәлімгерлер мен жас педагогтар/ өндірістік оқыту шеберлері қатысқан «Кәсіби жетістікке жетудің формуласы» атты педагогикалық шеберліктің кәсіби байқауы өтті. Байқаудың жеңімпаздары:
І орын — өндірістік оқыту шебері Жуматов Айдар Сабитович, педагог-тәлімгер Чулакова Лязат Солташовна;
ІІ орын — өндірістік оқыту шебері Канапьянова Бота Жұмабайқызы, педагог-тәлімгер Кожахметова Галия Дюсенгазиновна;
ІІІ орын — өндірістік оқыту шебері Отенко Олеся Александровна, педагог-тәлімгер Маметаева Гульжан Абильдаевна;
ІІІ орын — ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Тоқтасын Меруерт Сакенқызы, педагог-тәлімгер Исеева Нуржиян Тергеусызовна.
«Жылдың үздік педагог-тәлімгері» номинациясы бойынша оқытушы Исеева Нуржиян Тергеусызовна жеңімпаз болып танылды.
Бүгін біздің Колледжімізде — арнайы
Тәуелсіздік Күніне орай — «Биікке ұмтылсын Ел Тәуелсіздігі»
атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Шараға — 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына
қатысқан қахармандарымыз Махатов Азмет Қурмангажиевич, Жалбырова Лязат
Байгунусқызы, Әмірханова Бағизат Ниғметовна қатысты.
Сенсациялық жаңалық!!! Инновациялық жобаларды жүзеге асыру!!!
28 қараша күні барлық қызығушылық танытушы тараптардың ашық диалогының алаңы ретінде Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінде «Бизнес және білім беру 2023» қалалық Форсайт-конференциясы өтті. Бұл жаһандық іс-шараның мақсаты – Алматы қаласы мен Алматы облысында ішкі туризмді дамыту үшін колледж шеңберінде коллаборативтік орта құру. «Бизнес және білім беру 2023» Форсайт-конференциясын өткізуге қолдау көрсеткендер:
˗ Алматы қаласының Білім басқармасы
˗ Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы
˗ Алматы апортын өндірушілер қауымдастығы
˗ АО «Бахус» АҚ компаниясы
˗ «Қазақ бау-бақша шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС
˗ Қазақстандық қант, азық-түлік және өңдеу өнеркәсібі ассоциациясы ЗТБ
˗ «Қазақстан тағам кәсіпорындары одағы» ЗТБ
˗ «Қазақстандық қонақ үйлер мен мейрамханалар қауымдастығы» ЗТБ
˗ AVOCATION біліктілік растау орталығы
˗ «StellaAlpina» компаниясы
˗ Delonghi group компаниясы
˗ Kenwood студиясы
˗ Экобер компаниясы
˗ Колледж түлектері
Туризм және қонақжайлылық индустриясы
колледжі Алматы қаласының жастар саясатын дамытудың Мемлекеттік қорымен бірлесе
отырып, Жастар ресурстық орталығының қолдауымен 22 қараша күні Тамақтандыруды
ұйымдастыру мамандығының Аспаз біліктілігі бойынша «Jastar Skills-2023»
Шағын-чемпионатын өткізді.
Жастар ресурстық
орталығы — бұл барлық адам әртүрлі мәселелер бойынша қажетті кеңес ала алатын жастарға
арналған орталық.
Байқаудың мақсаты:
Жұмысшы кәсіптерді (мамандықтарды) танымал ету
және жастардың назарын жұмысшы мамандықтарға аудару. Кәсіптік білімнің тиімді жүйесін құруға ықпал ету.
Техникалық мамандықтардың беделін
арттыру.
Байқау қорытындысы:
1 орын – Аблизов Расул, 80 ОПП-б;
2 орын – Нзаматдина Арай, 77-ОПП-б;
3 орын – Қарсақбаев Данил, 70 ОПП-б.
Жеңімпаздар дипломдармен, алғыс хаттармен және
құнды сыйлықтармен марапатталды!!!
23-28 қараша күндері — біздің Колледжіміздің «Волонтерлер Клубының» белсенділері — Алматы қаласында ұйымдастырылған
«WorldSkills Almaty 2023» сайысында волонтерлік қызмет атқарды.
Бүгін «Алматы қаласы Білім басқармасы мен Алматы қаласы полиция департаменті бірлескен Жоспарын» орындай аясында — Алматы қаласы полиция департаменті басшысының орынбасары, полиция полковнигі Утебаев Дәурен Омарбекұлымен кездесу ұйымдастырылды.
Бүгін біздің Колледжіміздің еріктілері — Алмалы ауданының ардагерлеріне Аю-Сай аймағына арнайы экскурсия ұйымдастырды! Қарттарымыз аман болсын!
Бүгін Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінде Туризм күніне орай қонақ дәрісі өтті. Қонақ дәрісінің тақырыбы: «Туристік өнімді қалыптастыру». Қонақ дәрісіне 7 travel company туристтік агенттігінің директорлары Еспанова Улпан және Еспанов Нұрлан қатысуымен өтілді.
21.09.2023 жылы Жас педагог мектебінің жұмысы аясында, колледж жас мамандаға «ТжКББ жүйесінде білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарды бөлім меңгерушілері Абишова Айгуль Досымбековна мен Қайырханова Ақмарал Мұратқызы ұйымдастырды.
Баллдық-рейтингтік әріптік жүйе:
— оқытушыға білім алушылардың көп деңгейлі оқу жетістіктерін объективті бағалауға мүмкіндік береді;
— жаңа шешімдер іздеуге қызығушылықты жандандыра отырып және ғылыми-шығармашылық белсенділікті дамыта отырып, білім алушылардың оқу және сабақтан тыс уақытта жүйелі өзіндік іс-әрекетінің қажеттілігін ынталандырады. Семинар жемісті өтті.
WorldSkills Стандарттарын енгізу шеңберінде «Отель ресепшионист» біліктілігі бойынша 19-20 қыркүйек күні 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағында 10130100 «Қонақ үй бизнесі» мамандығының 7 ГБ тобының білім алушыларымен отель қонағына туристік ақпарат беру мен ВИП-тур әзірлеу бойынша тәжірибелік тапсырмалар өткізілді. Нәтижесінде білім алушылар саябақ аумағындағы тарихи орындар, монументтер, мұражайлар туралы ақпараттар берді.
Жыл сайын 5 қыркүйекте атап өтілетін Қазақстан халықтарының тілдері күні аясында колледжіміздің Қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушылары «Тілдер әлемінде» зияткерлік ойынын өткізді. Туризм мамандығы бойынша оқитын студенттер белсенді қатысты. Іс-шара танымды және қызықты өтті.
Сіздерді Қазақстан халықтарының тілдері мерекесімен құттықтаймыз!
Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінің оқытушылары мен студенттері Алмалы ауданы, Жібек жолы көшесінде өткен «CAREER DAY» кәсіптік бағдар беру фестиваліне қатысты. Фестивальдің мақсаты – түлектерге университетте оқуын жалғастыруға немесе қызықты жұмыс табуға мүмкіндік беру болды. Мұндай жәрмеңкелер маусым айының соңына дейін қаланың барлық аудандарында өтеді деп жоспарлануда.
Колледжіміздің өндірістік оқыту шебері Айтмухамбетова Н.С. Алматы қаласының білім саласындағы жас педагогтар арасында өткен «Өз жұлдызыңды жақ» қалалық конкусында жүлделі 3 орын иеленді. Нуржанат Сапарбайкызы құттықтаймыз!
Бейжің кәсіптік мектептері мен «Жібек жолы» елдерінің кәсіптік оқу орындары арасындағы «Жібек жолының шеберлері»
2023 байқауына KITIG студенттері келесі құзыреттер бойынша қатысты:
1. «Бариста» құзыреті – Ақтілеуов Нұрмұханбет, Әбілқасымова Динара.
2. «Кондитер» құзыреті – Румянцева Елизавета
3. «Аспаз» құзыреті – Шәріпбай Рамазан, Қалиев Бақдәулет
Бұл байқаудың ұйымдастырушылары – «OULU» білім беру орталығы (ҚХР, Пекин).
23.05.2023ж «Кремді тұздықта саңырауқұлақ қосылған тауық етін дайындайды» тақырыбында бинарлық ашық сабақ өтті. Өндірістік оқыту шебері:
Айтмурзаев Н.С
Дене шынықтыру мұғалімі: Байзаков М.Д
22.05.23ж. Туризм және қонақжайлылықиндустриясы колледжінде «Жас Маман» жобасы аясында «Планетарлық миксер, блендер, мұздатқыш, көкөніс кесу машинасы, вакуумдау машинасы және жуу машинасын пайдалану қағидалары» тақырыбында мастер класс өтті. Жауапты өндірістік оқыту шеберлер:Айтмухамбетова Н. Турганов А.А., Алмасбек А.Б., Батыр А. Б.
Құрметті Рашида Рашидқызы! Қымбатты серіктесіміз, Қазақстан туризм қауымдастығы, кәсіби төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Біздің бірлескен жұмысымыздың негізгі құрамдас бөлігі – сенімділік, шабыт және тұрақтылық. Олар біздің жұмысымызда үнемі бірге серік болсын!
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасын жүзеге асыру аясында 2023 жылдың 17 мамырында «Ұлттық тағамдарды жаңғыру» бойынша қалалық конкурс өтті.
Байқауды ұйымдастырушылар – Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты бөлімі, «Хама парк» мейрамханасы, Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжі.
Сірке қышқылының алу жолдары мен химиялық қасиеттерің зерттеу» тақырыбындағы химия пәнінең 80ОППб тобымен оқытушы Рамазанова С.С. ашық сабақ өткізді.
16 мамыр күні өндірістік оқыту шеберлер Айтмухамбетова Н.С және Садуақасова С.Х. өндірістік оқыту сабағынан «Сорпа дайындау үшін жұмыс жұмыс орнын ұйымдастырады» тақырыбында бинарлық сабақ өткізді.
Бүгін, 12.05.2023 жылы Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай Алматы мемлекеттік көлік және коммуникация колледжінде ән айту және сапта жүру бойынша аудандық көрме-байқау өтті. Біздің студенттер өздерінің сапта жүру, оқу ату және физикалық дайындығы бойынша дағдыларын көрсетіп, жақсы нәтижелер көрсетті. Тартылу бойынша 1-ші орынды 1-курстың 77 ОПП-б тобының студенті Даулетбай Жалғас, ЖӘҚЖ кию бойынша 3-ші орынды 1-курстың 77 ОПП-б тобының студенті Ғазиханов Ядгарбек иеленді. Көрме қорытындысы бойынша барлығына дипломдар мен грамоталар берілді.
26 сәуірінде «Қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, ашытқы қамырынан әртүрлі тартылған ет пен салмалардан бұйымдар жасайды» тақырыбында ашық сабақ өтті. Оқу шебері: Дүйсенбай Сағыныш Бекұлы
26-шы сәуірде «Жас педагогтардың колледждегі жұмыс жағдайына психологиялық бейімделуі» тақырыбында қалалық семинар-тренинг өткізілді.
24 сәуір күні Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасында Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледж кітапханасының меңгерушісі Жұмабаева Гүльнар Бексултановнаның ұйымдастыруымен Айдос Ербосынұлының «Жағың сынса да, сағың сынбасын» атты кітабының тұсау кесері өтті .
Кездесуге колледж білім алушылары қатысып маңызды, қызықты мәліметтерге ие болды.
21.04.2023 жылы оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлеріне «Аюсай шатқалына экскурсия жүргізу» тақырыбында мастер- класс өткізілді. Жауапты ө/о шебері: Тусупова А.К.
Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінің студенттері WorldSkills Almaty-2023 аймақтық чемпионатына 6 құзырет бойынша қатысып, жүлделі орындарға ие болды. 1 орын: Аспаздық – Шәріпбай Рамазан; Мейрамхана қызметі – Әбілқасымова Динара. 2 орын: Қонақ үй-ресепшн – Алпысбай Камила. 3 орын: кондитерлік өнімдер — Дүйсенбек Камилла; Экскурсовод – Тұрар Арман; Ет өндіруші
17 сәуір күні Израильден келген жұмыс берушінің шақыруымен «Рататуй жолы аспаздың көмекшісінен Бас аспазға дейінгі» тақырыбында қонақтық дәріс өтті. *Светлана Ханинаева* — Crudo стейкхаустарының бренд-аспазы, израильдік аспаз және қасапшы, израильдік «Аспазшылар ойындары» аспаздық шоуының жартылай финалисті, «Мастершеф» телешоуының бірінші маусымының қатысушысы.
17 сәуірде сағат 10:00-де Израильден келген жұмыс берушінің шақыруымен «Түтін мен кетчуп әні» тақырыбында қонақтық дәріс өтеді. *Светлана Ханинаева* — Crudo стейкхаустарының бренд-аспазы, израильдік аспаз және қасапшы, израильдік «Аспазшылар ойындары» аспаздық шоуының жартылай финалисті, «Мастершеф» телешоуының бірінші маусымының қатысушысы.
7 апреля 2023 года студенты Колледжа индустрии туризма и гостеприимства посетили музей Абильхана Кастеева, известного казахского живописца, основателя казахского изобразительного искусства. Сотрудники музея провели красивые и впечатляющие экскурсии, чтобы продемонстрировать высокий уровень искусства музея, используя богатые иллюстративные материалы из коллекции истории визуального, декоративно-прикладного искусства музея.
Тренеры Казахской академии спорта и туризма провели мастер-класс по спортивному туризму для студентов 1 и 2 курсов специальности туризм. Благодарим @kazast_official и @kta_kagir за проведенный мастер-класс.
07 сәуір күні Ату университетінде Ашық есік күні өткізілді. Біздің колледжіміздің шәкірттері өздерінің қазіргі мамандықтарын жоғарғы деңгейде қалай жалғастырса болатындығымен танысып шықты.
Бас сарапшы ретінде WorldSkills Almaty бесінші чемпионатын аяқтады. Ұлттық чемпионаттағы 2 жүлделі орын және 1 медальон нәтижелері. 2024 жылы әріптестері бас өңірлік сарапшы болып қайта сайланды.
28 наурыз күні біздің конференц-залымызда «Білім беру үздіксіздігі» тақырыбындағы дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шараға бірнеше колледж және мектеп басшылары қатысып, мектеп және колледждер арасындағы өзара байланысын арттыру жолдары талқыланды.
Колледжіміздің ағылшын тілі пәнінің оқытушылары әріптестерімізге “Ағылшын тілін үйренудің тиімді әдістері “тақырыбында семинар өткізді. Жауапты оқытушылар: Қалмет Ж.Б. Атейбекова С.С
Арнайы пәндер бойынша он күндігі аясында «Қоғамдық тамақтандыру» топтары мамандығы бойынша жарыстар және мастер класс өткізілді
1)15.03.2023 жылы «Аспазшылар» 2) 16.03.2023 ж. «Қара жәшік» 3)17.03.2023 ж. Мастер-класс «Көкөністерден жасалған шедеврлер».
10 наурыз күні Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледж кітапханасының меңгерушісі Жұмабаева Гүльнар Бексултановнаның ұйымдастыруымен 66 ОП-б білім алушылармен мұражайға саяхатқа барды. Білім алушыларымыз туған өлке тарихына деген қызығушылығын қолдау және дамыту; білім алушылардың бойында ата-бабаларына деген құрмет сезімді және өзінің туып-өскен жеріне деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.
17.03.23ж. арнайы пәндер он күндігіне орай «Тамақтандыру ұйымдастыру» мамандығындағы білім алушылар арасында «Кәсіби калейдоскоп» атты конкурс өтті. Конкурс нәтижесінде: 1-орын 81 ОПП-Б 2-орын 69 ОПП-Б 3-орын 87 ОП топтары иленді.
20 ақпаннан бастап 20 наурызға дейін Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінде Бүкіл әлемдік Азаматтық қорғаныс күніне орай іс-шаралар өткізілді. Іс-шаралар түрлі жоспарлы болды: семинарлар, дөңгелек үстелдер, әңгімелер, спорттық эстафеталар мен ойындар, сонымен қатар сейсмикалық жаттығу да өткізілді.
Колледжіміздің өндірістік оқыту шебері Айтмухамбетова Н.С. жүлделі 2 орынды иленіп конкурстың Қалалық кезеңіне өтті. Нуржанат Сапарбайқызын құттықтаймыз! Сәттілік тілейміз!
Түлегіміз Никита Почекутов – кәсіпқой хоккейші, спорт шеберіне үміткер, Қазақстан Республикасының чемпионы, «Алматы» және «Торпедо» клубтарының намысын қорғаған, Ресейдің «Сібір. Қиыр Шығыс» дивизионында өнер көрсеткен. Ол өзінің хоккей клубы мен әуесқойлар лигасын ашты. Алматылық әуесқой хоккейшілер Беларусь елін бағындырмақ. Жас әрі өршіл хоккей командасы RIGHT HOCKEY LEAGUE (RHL) Минск қаласына барады, онда 22 және 23 наурызда Беларусь әуесқойлар лигасымен күш сынасады. Матчтар «Чижовка-Арена» стадионында өтеді. Лиганың жетекшісі – кәсіпқой хоккейші, спорт шеберіне кандидат, Қазақстан Республикасының чемпионы Никита Почекутов. Спортшы Ресейдегі «Сібір. Қиыр Шығыс» дивизионында өнер көрсеткен «Алматы» және «Торпедо» клубтарының намысын қорғады. Кәсіби мансабын аяқтағаннан кейін Никита «Еңбек» әуесқой хоккей клубын белсенді түрде дамытуда. «Еңбек» 40-лигада алғашқы маусымын өткізді, бүгінде ол Алматы хоккей лигасында екі командамен және РХЛ-да бір командамен ойнайды. Клубтың артында Қарағанды, Астана, Шымкент қалаларындағы әуесқойлар турнирлері бар. Хоккейшілер мұнымен тоқтап қалмақ емес. Жоспарларға 2023 жылдың мамыр айында Дубайда өтетін әуесқойлар турниріне қатысу бар. Жаттықтырушы өз лигасы туралы мақтанышпен айтады: «Біздің лигамыз ОҢ ХОККЕЙ ЛИГАСЫ деп аталады, яғни. «Адал хоккей лигасы». Оған қаладағы басқа лигаларға қатысы жоқ 8 команда қатысуда. Біз жарыстарды хоккей ойынының барлық ережелері бойынша өткіземіз және қатаң ережелерді сақтаймыз. RHL командасы Беларусь сапары үшін арнайы құрылған. Оған әр команданың үздік ойыншылары енді.
15-ші наурыз күні 5 ХМКб тобы «Jibek joly» телеарнасы, «Әпке, апа, жан ана» тақырыбындағы «Ел» бағдарламасына қатысты.
Білім алушылар үшін тәрбиелік мәні бар бағдарлама әсерлі эмоцияға толы болды.