Короновирустық инфекциялық пандемиясы (COVID-19) 2020 жылға күткен үміттерді өзгертті барлық ұйымдар қиын экономикалық жағдайға тап болды, біздің байқау дағдарыстан және экономиканың барлық салаларындағы тоқыраудан шығу бойынша ойларды іздестіруге бағытталған. Төтенше жағдай кезінде өз бизнестерін дамыту үшін кәсіпкерлерге не істеу керек?

КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ АРАСЫНДАҒЫ

«ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАСТАМА ЖӘНЕ БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ ИДЕЯЛАРЫ» ЖОБАЛАРЫНЫҢ ҚАШЫҚТЫҚТАН ӨТКІЗІЛЕТІН ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

Жобалардың қашықтықтан өткізілетін байқауы (ары қарай – «байқау») 2020 жылғы 4 мамыр мен 20 мамыр аралығында өткізіледі.

Байқаудың ұйымдастырушысы Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжі. Іс-шара: Алматы қаласы білім Басқармасының, Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасының қолдауымен қолдауымен өткізіледі. Қашықтықтан өткізілетін байқау Алматы қаласы колледждерінің студенттері үшін ашық, тегін іс-шара болып табылады.

Жобалар қашықтық нұсқасында орындалады.

Байқау міндеттері:

  • студенттердің креативті бизнес ойларын дамыту;
  • студенттердің АКТ-құзыреттілігін қалыптастыру және танымдық белсенділігін дамыту;
  • студенттерде бәсекелестік жағдайында инновациялық ойларды қалыптастыру қабілетін дамыту;
  • жобалау жұмыстарының тақырыптары мен әдістер қатарын кеңейту;
  • дағдарысқа қарсы ойлардың электрондық банкін жасау.

Бұл командалық жұмыс (жобалық топтар 3-6 адамнан). Отбасы мүшелері мен студенттердің тәжірибе базаларының еңбек ұжымы – жоба авторлары, жобаны дайындауға көмек бере алады, және жоба авторларының тізіміне қосыла алады.

Байқауға қатысушылар 2020 жылғы 30 сәуірге дейін kitig.projects@gmail.com электронды мекен-жайға өтініш жіберуі керек. Байқау 4 кезеңде өткізіледі:

I кезең4 мамырға дейінӨтініштерді қабылдау, байқау қатысушыларын тіркеу (өтініш берудің соңғы мерзімі).
II кезең5 мамыркіріспе конференция.
III кезең4-15 мамыркомандалардың жобада бірлескен жұмысы
IV кезең15-18 мамырқатысушылардың байқау жұмыстарын kitig.projects@gmail.com электрондық мекен-жайға жіберуі Жұмыстардың келіп түсуіне қарай оларға сараптама жүргізеді және үздіктерін 20 мамырда өтетін күндізгі турға таңдайды
V кезең20 мамырконференция, Жобаны халыққа таныстыру видео конференция режимінде өтеді. Жоба авторы (авторлар) өз жобаларын баяндама нұсқасында презентациямен бірге өздері таныстырады, қорытынды жасау

Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі, үздік жобалар жеңімпаздар дипломымен марапатталады. Қорытындысы бойынша жобалардың электрондық жинағы шығарылады.

Жұмыстарды бағалау шарттары.

Жоба мүдделі тұлғалардың үлкен шеңберінің күш-жігерін біріктіруі және шоғырландыруы тиіс. Жұмыстар өз бетінше жасалуы керек, креативті, онда автордың (авторлардың) жеке ұстанымы көрініс табуы, таныстыратын саласының жағдайы туралы фактілерді білуі керек, дағдарыстан шығу бойынша жеке ойлары болуы міндетті. Жұмыстар аталған тақырыптарға сай болуы керек. Күндізгі кезең қатысушыларының таныстыру уақыты – 3-5 минут.

Қатысушылар жұмыстарын электронды түрде, Microsoft Word (14 шрифт Times New Roman) мәтіндік редакторында ұсынады, презентацияларды Power Point бағдарламасында орындайды. Негізгі мәтін көлемі 10 беттен аспауы керек. Презентация слайдтарының саны 10-нан аспауы керек. Жұмыстың негізгі мәтіні келесі бөлімдерден құралуы керек: титулды бет, мазмұны, мәселені анықтау, жұмыс мақсаты, міндеттері, жұмыстың негізгі мазмұны, жеке ойлары, күтілетін нәтиже және қорытынды.

 Байқау тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Жобаларды kitig.projects@gmail.com электронды поштасына жібереді,

анықтама үшін телефон +7 707 266 8553

КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ АРАСЫНДАҒЫ

«ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАСТАМА ЖӘНЕ БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ ИДЕЯЛАРЫ» ЖОБАЛАРЫНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШ

Жоба авторларының Т.А.Ә. (толығымен)   
 
 
 
 
Жоба атауы 
Колледж атауы 
Мамандығы 
Жоба жетекшісі Т.А.Ә.  (толығымен)   
Телефон (WhatsApp) 
Электронды пошта