ТжКБ бар кадрларды даярлау бағдарламасының қатысушылары 9-11 сынып түлектері, оқу орындарына түспеген, жұмыс іздеп жүрген адамдар, өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдар және табысы аз отбасылардың мүшелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген азаматтардың өзге де санаттары болып табылады.
Бағдарламаға қатысушылар кәсіптер мен мамандықтар тізбесіне сәйкес жұмыс біліктіліктері бойынша оқытудың екі деңгейлі моделінің модульдік бағдарламалары бойынша тегін негізде оқытылады.
Бағдарламаға қатысуға үміткерлер аудандық (қалалық) деңгейдегі білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар берген бағыттар негізінде оқу орнына өтініш береді
Оқу орнына өтініш берген кезде үміткерлер келесі құжаттарды тапсырады:1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) білімі туралы құжат (аттестат, куәлік, диплом);
3) денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттамасындағы 086-У нысанына сәйкес денсаулық жағдайы туралы анықтама;
4) әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтардың санатын растайтын анықтама (бар болса));
5) бағыт.
Үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттарды жеке өзі не ата-анасы немесе заңды өкілдері ұсынады.
Бағдарламаға қатысушыларды кадрларды даярлау бойынша оқуға қабылдау әңгімелесу қорытындысы бойынша түсу емтихандарын тапсырмай жүзеге асырылады.
Оқу орны Бағдарламаға қатысушыларды аудандық (қалалық) комиссияның келісімі бойынша оқудан шығарады:1) оқу орнының ішкі тәртібіне сәйкес сабақты дәлелсіз себептермен өткізіп алған;;
2) аралық аттестаттау білімін ағымдағы есепке алу қорытындылары бойынша қанағаттанарлықсыз бағалар
Бағдарлама жұмысының тетіктері
Оқыту